Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді

18.03.2022

Өңірлерде наурызды тойлау басталып кетті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мерекенің жаңа тұжырымдасы әзірленді. Наурыз мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі. Ұлыстың ұлы күнінде «Асар» дәстүрі қайта жаңғырады. Қайырымдылық ұйымдар мен еріктілер арқылы «Наурыз мейірімі» жалпыұлттық акциясын іске қосу ұсынылды. Табиғатқа жанашырлық танытып, жер-жерде тазалық акциялары өтеді. Шара «Бір ағаш ек» атты челленджбен жалғаспақ. Халықтық мерекеде салт-дәстүр насихатталады. Той-думан одан әрі ұлттық ойындар ойналып, концерттік бағдарламалар тамашалауға ұласады. Балаларға арналған жаңа жоба да ұйымдастырылды. Сонымен бірге Наурыз мерекесінде елорда мен аймақтарда қандай шаралар өтетіні туралы ақпарат берілді.

Нұрғиса Дәуешов. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

Наурыз балалар үшін басты мереке. Отбасы, білім беру ұйымдары мен еңбек ұжымдарында «Наурыз кәдесі», «Наурыз қоржын» ұлттық нақыштағы ойыншықтар сыйлықтарын тарту ету дәстүрін енгізе отырып, балалар аудиториясына ерекше мән беру көзделіп отыр.


Хабарламаларға жазылу