Алматыда қаңтардағы оқиға кезінде ұрланған қарудың кезекті партиясы тәркіленді. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті хабарлады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 21 жастағы Алматы тұрғыны ұсталды. Тергеу барысында, ол өзінің танысымен бірге Түркісіб ауданындағы қараусыз қалған ғимараттың бірінде екі мылтықты жасырғанын мойындады. Сондай-ақ оның тонау қылмысы бойынша жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.