Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынды. Оған қатысты квазимемлекеттік секторда аса үлкен көлемде мүлікті жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қаржы мониторингі агенттігінің мәлімдемесінде, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Боранбаевты екі ай мерзімге қамауға алғаны айтылған. Сотта тергеудің басқа деректері жарияланған жоқ. Қайрат Боранбаев Форбс Қазақстанның 2021 жылғы ең ықпалды 50 кәсіпкері тізіміне енген.
Саламат Омаш