Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президентімен онлайн кездесу өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президентімен онлайн кездесу өткізді

17.03.2022

Мемлекет басшысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің Президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізді. Транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өтті. Ал Одиль елде жүргізіліп жатқан реформаларды, 16 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтынын жеткізді.

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу