Мәжілісте монополияны жою жайы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте монополияны жою жайы талқыланды

17.03.2022

Мұнай өнімдерінің бағасын мемлекеттік бақылауға алу қажет. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы бүгін осындай ұсыныс жасады. Монополияны жою жайы Мәжілісте өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Серік Жұманғариннің айтуынша, ішкі нарыққа бөлінетін жанар-жағармай құнын реттеу, мұнай өнімдері бағасының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ агенттік төрағасы жеке компаниялар өндіретін мұнайды биржада сатуды және осы электронды алаңда жанармай саудасын арттыруды ұсынып отыр. Бұл шағын компаниялардың дамуына жол ашып, бәсекелестік туғызады. Әзірге нарықтағы жағдай толық реттелмей тұр. Монополистер мен алыпсатарлар бағаны қолдан көтеруге әуес, дейді ол.

Серік Жұманғарин, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

Павлодар және Атрау мұнай өңдеу зауыттарында газ сақтау парктері жекенің қолына берілген. Олар монополия құрып, көгілдір отын бағасын қолдан көтерген. Қазір ол зауыттарға қатысты тергеу жүргізілді. Атыраудағы сақтау паркіне 1 миллиард 300 миллион теңге айыппұл салынды. Павлодарға қатысты әзірге шешім жоқ.


Хабарламаларға жазылу