Президент ұсынған саяси реформалар – жаңғырудың бастамасы – сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ұсынған саяси реформалар – жаңғырудың бастамасы – сарапшылар

17.03.2022

Президент ұсынған саяси реформалар – жаңғырудың бастамасы. Оларды кешенді жүзеге асыру үшін азаматтық институттардың белсенділігі қажет. Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған дөңгелек үстелде сарапшылар осындай пікір білдірді. Олар Президент Жолдауындағы басым бағыттар бойынша ой бөлісті. Тұрақтылықты сақтап, мемлекет пен халықтың арасында байланыс орнатуда азаматтық қоғамның рөлі ерекше. Сондықтан ортақ міндет жаңа Қазақстанды құруда әр азаматтың пікірі ескерілуі қажет, дейді сарапшылар.

Еркін Әбіл, Мемлекет тарихы институтының директоры:

Әрбір саяси жүйе сол кездегі тарихи жағдайға сәйкес келеді. Сондықтан жағдай өзгергенде саяси жүйе де өзгереді. Біз осы күнге дейін алдымен экономика, одан кейін саясат деп келдік. Осы модель шегіне жетті. Жолдауда айтылған өзгерістердің расында халықтың өміріне әсер етуі үшін бізге азаматтық белсенділік керек.


Хабарламаларға жазылу