Конституциялық соттың құрылуы адам құқығын қорғауды жоғары деңгейге көтереді - құқық қорғаушы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Конституциялық соттың құрылуы адам құқығын қорғауды жоғары деңгейге көтереді - құқық қорғаушы

17.03.2022

Мемлекет басшысы өз Жолдауында конституциялық сот құруды ұсынды. Бұл Ата Заң ережелерінің мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етіледі деген сөз. Президент Бас прокурор мен Адам құқығы жөніндегі уәкілге де Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігін беру қажеттігін айтты. «Бұл бастамалар әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам», - дейді құқық қорғаушылар.

Марат Башимов, құқық қорғаушы:

Заңдар, үкіметтің заңдары келмей ме, конститутциялық сот оның бәрін де дәлелдеп өзінің шешімін шығаруы керек. Ол өте маңызды. Өйткені тағы да бір принциптер бар, әр азамттың құқығы бар, адам құқықтары жөніндегі өкіл деген бар, Бас прокуролар статусын көтеріп, заң одағын құрса, адамдардың құқықтарын қорғауға мүмкіншілік те көп болады.


Хабарламаларға жазылу