Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды

16.03.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, Президент азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Қазір Украинадағы жағдайдың кесірінен жаһандық тауар тасымалына кедергі келіп, баға өсіп кетті. Сондықтан биылғы дән себу жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде жүргізу қажет, - дейді Мемлекет басшысы. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар аймақтарда көктемгі дала жұмыстарына дайындық кешеуілдеп жатқанын сынға алды. Сондықтан үкімет бұл мәселені ерекше бақылауға алуы тиіс. Жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай бөліп, элиталық тұқым, тыңайтқыш алуға көмектесуі қажет. Себебі, биылғы жылы қар аз түскендіктен топырақта ылғал аз. Бұның егіс өнімділігіне тікелей әсері бар. Сондықтан мемлекеттік қолдау шараларын фермерлермен кеңесе отырып қайта қарау қажет- деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Бірқатар өңірде жауын-шашынның аз болуы егін шығымына кері әсер етіп, жалпы жем-шөптің тапшылығына әкелуі мүмкін екенін ұмытуға болмайды. Жалпы алғанда, фермерлер қауымдастығымен бірге агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың тәсілдерін қайта қарау керек. Азық-түліктің тапшылығы мен бақылаусыз қымбаттауын болдырмау үшін мемлекеттік тұрақтандыру қорына ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық бағамен сатып алуды ойластыру қажет.
Президент қаржы нарығын тұрақтандыруды тапсырды

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы қаржы саласына жауапты үш органға валюта нарығындағы алып сатарлықпен күресуді тапсырды. Яғни спекуляциялар резервтеріміздің бостан-бос жұмсалуына себеп болмауы тиіс, - деді Президент. Бұдан бөлек екінші деңгейлі банктер клиенттерінің шетел валютасын сатып алуын бақылауға алуға міндетті. Әрі осы талаптың сақталуын қадағалау бойынша қатаң бақылау орнату қажет, - деді. Бұл нарықтағы жағдайды реттеуі тиіс.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу