Cаясатқа белсенді жаңа тұлғалардың келуі бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Cаясатқа белсенді жаңа тұлғалардың келуі бәсекеге қабілетті ортаны қалыптастырады

16.03.2022

Аудандар мен қалалардағы сайлау толығымен мажоритарлық жүйеге көшсе, өңірлерде бәсекеге қабілетті саяси ортаны қалыптастыру әлдеқайда оңай болмақ. Саясатқа белсенді, білікті азаматтардың келуі дамудың жаңа деңгейіне жетелейді, - дейді қоғам қайраткерлері. Мәжіліске өңірден кемінде бір депутаттың сайлануы аймақтағы ағайынның үнін жоғарыға жеткізіп, өңір проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік тудырады.

Аманай Сейтқасымов, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті ректорының кеңесшісі:

Жеке адамдардың бұрын даусы естілмейтін және олар тіркелмейтін де. Сондықтан халықтың сайлауға деген көзқарасы, сайлауға деген белсенділігі төмен түсіп қалды. Қазіргі уақытта Президенттің ұсыныстарымен кез-келген адам, жаңаға азаматтық өзінің ұстанымы бар адам осы билікке қатыса алады сайлау арқылы. Маған осы жағы ұнап тұр.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу