Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

16.03.2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Екі ел басшысы стратегиялық серіктестікті дамыту,сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту туралы пікір алмасты. Сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайту үшін бірлесіп әрекет жөнінде әңгімелесті. Сөз соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу