Сарапшы: Саяси реформалар көп партиялы жүйені қалыптастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Саяси реформалар көп партиялы жүйені қалыптастырады

16.03.2022

Саяси реформалар көп партиялы жүйені қалыптастырады. Қоғамдағы белсенді азаматтық топтардың партия құрып, жаңашыл өзгерістерге батыл араласуына мүмкіндік туады. Ал депутаттардың арасында бәсекелестік күшейіп, шын мәнінде халық қалаған адамдардың Парламентке баруына жол ашылады. Осылай деген сарапшылар Мемлекет басшысы жариялаған саяси реформалардың бесінші пакеті түбегейлі өзгеріске жасалған нық қадам екенін айтады
Қазбек Майгелдинов, саясаттанушы: 
Бүгінгі жолдаудың басты саяси трансформациялауда жасалған қадам супер президенттік биліктен президенттік билікке көшу. Ол үшін ең бірінші заңды түрде Президент өкілеттілігін бірнеше бағыттар бойынша қысқарту. Әсіресе, билеуші партиядан шығу керек деді. Екіншіден Президенттің туыстары, жақындары ешқашан жоғары лауазымда болмауы керек деді. Бүл алдағы уақытта қандай да бір олигархаттың, жанұялық кланның болмауы деп есептеймін.
 Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Біздің осы күнге дейінгі Мәжіліске көптеген халықтың ашу-ызасы, неге ұсыныстарды қадағаламайсыз деген сөзі бар. Енді аудиторлар палатасы болатын болса, ол Мәжіліс не Сенаттың қолдауымен тағайындалса, ол Парламенттің құзіретін күшейтеді. Барлық есеп қисаптың соңғы нүктесі Парламент болады.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу