Алматылықтар: Азаматтық қоғамы қалыптасқан ел құру – маңызды шешім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматылықтар: Азаматтық қоғамы қалыптасқан ел құру – маңызды шешім

16.03.2022

Енді әр азаматтың ел дамуына үлес қосуға деген құлшынысы артады. Бүгінгі Президент Жолдауын мұқият тыңдаған алматылықтар осындай пікірде. Олардың ойынша, Мемлекет басшысы халықтың көкейінде жүрген, көпті мазалаған сан түрлі сауалдарға нақты әрі дәйекті жауап берді. Жолдау қоғамның еңсесін тіктеуге сеп болды,-дейді Алматы тұрғындары.

Жандос Базартай, қала тұрғыны:
Президенттің оның туыстарының мемлекеттік билік құрылымдарында және квазисекторда қызметтерді атқару мәселесі бұл бүгінгі күндегі бір өте жақсы жаңалық болды. Себебі, бұл сыбайлас жемқорлықтың алдын алады. 

Айдана Жұмадинова, қала тұрғыны:
Халық сайлаған депутаттардың өздерінің мақсат-міндеттерін орындамаған жағдайда, елге уәдесін уақыты орындамаған жағдайда мандаттарын алып тастау туралы да айтылды. Бұл саяси тұлғалардың, зиялы тұлғалардың өзінің ел алдындағы жауапкершілігін күшейтеді деп ойлаймын. 

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу