Алматы облысында қоғамдық кеңес құрамы жаңарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында қоғамдық кеңес құрамы жаңарды

16.03.2022

Алматы облысында қоғамдық кеңес құрамы жаңарды. Халық пен билік арасында алтын көпір болуды мақсат еткен ұйым жастармен және әйелдермен толықты. Кеңеске мүше 37 адамның 30-ы азаматтық қоғам өкілдері. Білікті заңгерлер, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер де бар. Жұмыс бағытына сәйкес бес салалық комиссия құрылып, жұмыс жоспары талқыланды. Президент тапсырмасына сәйкес, халықтың әлеуметтік мәселелерін, жер қатынастары мен агроөнеркәсіптік сектор проблемаларын шешуде былтыр кеңес белсенді жұмыс істеді.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу