Батыс Қазақстан облысында 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

16.03.2022

Батыс Қазақстан облысында төрт күннің ішінде 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл «Мигрант» жедел-алдын алу шарасының барысында анықталды. Жалпы көші-қон заңнамасын бұзу бойынша 373 дерек тіркелді. Соның ішінде 109 адам шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, шетелдiк жұмыс күшi мен қоныс аударғандарды орналастыруда заңсыздыққа жол берген. Ал құжатсыз жүрген шетелдіктер елден шығарылды.

Сатыбалды Төлебаев, облыстық Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

264 шетел азаматтарына көші-қон заңнамасын бұзуы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, іздеуде жүрген 4 қылмыскер ұсталды. Оның біреуі Ресей Федерациясының азаматы, қалған үшеуі - Қазақстан Республикасының азаматтары.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу