1,5 млн долларға басшылық лауазым ұсынған күдіктілер ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1,5 млн долларға басшылық лауазым ұсынған күдіктілер ұсталды

16.03.2022

Мемлекеттік қызмет саласына жұмысқа орналастыруға уәде етіп, осы қызметі үшін 1,5 млн доллар пара дәметкен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері мәлімдеді. Алаяқтар өздерін мемлекеттік органның өкіліміз деп таныстырған. Кәсіпкерге қомақты сомаға жоғары басшылық лауазым ұсынған. Олар «премиум-класс» автокөліктер мен «күзетшілерді» уақытша жалға алған. Астанадағы элиталық орындардың бірінде кездесу ұйымдастырған. Үш алаяқ ақшаның бір бөлігін, яғни 30 млн теңгені алу кезінде қолға түсті. Олардың екі сыбайласы Ақтөбе мен Балқашта құрықталды. Тергеу жүріп жатыр. 

Хабарламаларға жазылу