Республикалық бюджетке доллардың жаңа курсы бойынша түзетулер енгізілмек. Өйткені ол доллар бағамы 425 теңге, ал мұнай баррелі 50 доллар шамасында болады деген есеппен жасалған. Қазір қаржы нарығындағы ахуал 180 градусқа өзгергендей. Теңге әлсірей түсті, ал мұнай керісінше қымбаттады. Сол үшін бюджеттегі миллиардтардың есеп-қисабын қайта калькуляторға салу керек, - дейді Қаржы министрі. Сол үшін осы апта Ұлттық банкпен бірлесіп, биылғы бюджетті нақтылап, негізгі параметрлерін айқындамақ. Яғни, бюджетті қандай курспен есептейді, инфляция дәлізі қандай болады жақында белгілі болмақ.
Досжан Маратұлы