Елдегі 10 қалада атмосфераның жоғары ластануы тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 10 қалада атмосфераның жоғары ластануы тіркелді

15.03.2022

Арселор Миттал, КазЦинк, КазақОйл компанияларына қомақты айыппұл салынды. Себеп – бұл кәсіпорындар экологиялық міндеттерді орындамаған. Енді олар мемлекетке миллиардтаған теңге қарыз. Жалпы, Қарағанды өңірі атмосфера ауасының ластануы бойынша көш бастап тұр. Облыстың 4 бірдей қаласы «қара тізімге» енген. Бұдан бөлек, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент мегаполистері мен Ақтөбе, Өскенмен, Атырау шаһарларында экологиялық мәселе өзекті. Өнеркәсіп, автокөлік ағыны және жеке сектордағы жылыту мәселелері жағдайды қиындатуда. Оның үстінде Ақтөбе мен Атырауда кәріз тазарту құрылғылары ескірген. Тиісті министрлік қазір мәселені шешу үшін кешенді жоспар әзірлеп жатыр.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу