Президент Дәурен Абаевқа Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты күшейтуді тапсырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Дәурен Абаевқа Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындықты күшейтуді тапсырды

15.03.2022

Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өту қажет. Бүгін мемлекет басшысы Дәурен Абаевты қабылдап, аталған шараны Мәдениет және спорт министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе жүзеге асыруы керегін айтты. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына спортшылардың дайындығын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, Президент карантиндік шектеулердің жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды, - деді.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысын қабылдады. Қайрат Келімбетов мемлекет басшысына шетелдік юрисдикциядан Қазақстанға капиталды қайтару және компанияларды елімізге қайта тіркеу жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, орталықта қазір әлемнің 63 елінен 1236 компания тіркелген. Ол арқылы тартылған инвестиция 6,2 млрд доллар. Ал Astana International Exchange биржасы арқылы 321 миллион долларға жуық акционерлік капитал мен 1,65 миллиард доллар болатын борышкерлік капитал тартылған. Сондай-ақ, Қайрат Келімбетов қаржы орталығының халықаралық арбитраж орталығымен бірлесе отырып, мыңнан аса даулы істі қарағанын жеткізді.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу