Жол көлік апатынан ондаған бала көз жұмды - Ішкі істер министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жол көлік апатынан ондаған бала көз жұмды - Ішкі істер министрлігі

15.03.2022

Жыл басынан бері жол-көлік апатынан ондаған бала көз жұмды. 450-ге жуығы зардап шеккен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өткізген брифингте мәлім болды. Баспасөз қызметінің өкілдері апаттардың жиілеуіне жолдағы жағдайдың күрделілігі себеп болғанын айтады. Әсіресе, соңғы аптада балалардың өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғалар ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Тәртіп сақшылары жүргізушілерді жолда жүруде аса сақ болуға шақырады. 

Хабарламаларға жазылу