Бүгін қалалық әкімдік пен вокзал әкімшілігі бірлесіп, бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкеге тек түске дейін мыңға жуық адам келді. Бұдан бөлек, электронды поштаға 2000-ға жуық түйіндеме келіп түскен.
Дегенмен, қазір вокзал ұжымына тек үш түрлі мамандық бойынша қызметкерлер қажет. Ол - вокзал кезекшілері мен анықтама кезекшісі және үш тілді еркін меңгерген дикторлар. Барлығына ортақ талап - теміржол саласы бойынша кәсіби білімі болуы міндетті.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ