Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда

15.03.2022
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды. Денсаулық сақтау министрі А. Ғиният дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

«Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді А. Ғиният.

Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған. Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге байланысты мәселелер ерекше бақылауда екенін хабарлады.

Бүгінге дейін күнделікті өткізіліп келген Жедел штаб отырыстарын енді бизнес-қауымдастықтың өтініші бойынша олардың сұрақтарының келіп түсуіне қарай аптасына екі рет өткізуге шешім қабылданды.

Жедел штабтың келесі отырысы 17 наурызда өтеді.

Премьер-Министр Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы Денсаулық сақтау министрі дәрі-дәрмек

Хабарламаларға жазылу