Қаңтар қасіреті: Бас прокуратураға 1700-ден астам фото мен видео түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар қасіреті: Бас прокуратураға 1700-ден астам фото мен видео түскен

15.03.2022

Қаңтар оқиғасына қатысты Бас прокуратураға 1700-ден аса фото мен видео түскен. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің бастығы хабарлады. Ризабек Ожаровтың айтуынша, әрбір материал жеке-жеке қаралып, жіті зерттелді. Мыңдаған куәгерден жауап алынған. Тергеуге көмектесетін өзге де айғақ заттар болса тұрғындар прокуратураға жолдауы қажет, дейді ол. Әрі Қаңтар оқиғасын толық тергеп, істің мән-жайын анықтау үшін ұзақ уақыт қажет екенін айтып отыр. Өйткені жай ғана ұрлық, қарақшылық секілді қылмысты тергеу айларға созылып кетеді. Ал жаппай тәртіпсіздіктің ауқымы әлдеқайда үлкен. 

Хабарламаларға жазылу