Қазақстандықтарға 10 мың доллардан асатын соманы шетелге шығаруға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтарға 10 мың доллардан асатын соманы шетелге шығаруға тыйым салынды

15.03.2022

Қолма-қол шетел валютасын сыртқа шығаруға шектеу қойылды. Елден 10 мың доллардан асатын соманы шетелге әкетуге болмайды. Ұлттық банк шығаратын алтын құймаларын және «Altyn barys», «Kúmis barys» инвестициялық монеталарын елден шығаруға да тыйым салынды. Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты Президент осындай қаулы қабылдады. Бұған қатысты Ұлттық банк басшылығы да мәлімдеме жасап, екінші деңгейлі банктерде қазір валюталық активтердің көлемі жеткілікті екенін айтты. Дегенмен, қолма-қол шетел валютасын елге жеткізуде логистикалық қиындықтар бар. Сондықтан Ұлттық банктегі резервтердің сақталуы үшін бұл шешім аса маңызды. 

Хабарламаларға жазылу