Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 ай мерзімге қамалды

15.03.2022

Қайрат Сатыбалдыұлы қамалды. Елорда соты күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жарияланбайтыны айтылған. Ал, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және «Қазақтелеком» компаниясының қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын жеткізді. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жабылды. 

Хабарламаларға жазылу