Министр: Қаңтар оқиғасы кезінде қарулы топтар ел бойынша полиция бөлімшелеріне шабуыл жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: Қаңтар оқиғасы кезінде қарулы топтар ел бойынша полиция бөлімшелеріне шабуыл жасады

14.03.2022

Қаңтар айында күш құрылымдарына жан-жақты дайындалған топ қарсы шықты. Мәжілістің жалпы отырысында қорғаныс министрі осылай деді. Руслан Жақсылықовтың сөзінше, белгілі бір топтың карталарды бақылап, деструктив элементтерді қала жағдайында және қысқа қашықта әрекет етуге дайындағаны айқын көрінеді. Ол топтарда адамдарды басқару жүйесі де бар. Олар елдің көптеген аймағындағы полиция бөлімшелері мен қару дүкендеріне шабуыл жасаған. Іс-әрекет сипаты бойынша барлығы үйлестірілген және нақты міндеттерді орындауға бағытталған. Мұның бәрі бұзақыларға құқық қорғау күштерін бөлуге мүмкіндік берді дейді Қорғаныс министрі.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

Бір қарағанда бұл хаос сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ қаруды қолдануы, арнайы мақсаттағы адамдардың әрекет ету тактикасы, олардың дайындықтан өткен адамдар екенін білдіреді. Мысалы, аң аулау кезінде қарапайым адам аяқтарын айқастырып, қаруын бүйіріне қойып қозғалады. Әскери қызметкер немесе арнайы дайындықтан өткен адам ешқашан аяғын айқастырмайды, тек бүйір адыммен қозғалады. Арнайы дайындық кезінде жасырын түрде атудың да тұтас жүйесі бар.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу