Ең өзекті сауалдарға құзырлы орган басшылары жауап берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ең өзекті сауалдарға құзырлы орган басшылары жауап берді

14.03.2022

Мәжіліс депутаттары Қаңтар оқиғасына қатысты сайлаушыларды толғандыратын ең өзекті сауалдарға мемлекеттік органдардың жауап беруін қамтамасыз етті. Қазір студиямен тікелей байланысқа тілшіміз Берік Көшербай шықты. Берік, Құқық қорғау органдарының басшыларына депутаттар қандай сұрақтар қойды?

Берік Көшербай, тілші:

Депутаттар тергеу амалдарының заңға сәйкес жүргізілуін әу бастан қадағалап келеді. Олар өңірлердегі тергеу изоляторларына барып, ұсталған азаматтармен, олардың туыстарымен және адвокаттарымен кездескен.

Ұсталғандардың құқығы бұзылғаны анықталған жағдайларды бақылауға алып, бірден Бас прокуратураға жолдап отырған. Ал 9-шы Наурызда «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшелері тиісті күштік құрылым, мемлекеттік орган басшыларын Мәжіліске келіп, қаңтар оқиғасына байланысты сұрақтарға ашық жауап беруге шақырды.

Берік Көшербай, тілші:

Қаңтар оқиғасы бойынша қоғамда сұрақ көп. Сайлаушылар тарапынан қойылған сауалдардың біразын депутаттар бүгін баяндама жасаған Бас прокурорға, Ішкі істер министріне және басқа да құзырлы орган басшыларына жеткізді.

Берік Көшербай, тілші:

Жалпы отырыс барысында депутаттар тарапынан 20-ға жуық сұрақ қойылды.


Хабарламаларға жазылу