Қаңтар оқиғасынан кейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәжілов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурор айтты. Берік Асыловтың сөзінше, 5 қаңтарда екі полиция департаментінің басшысы мен Алматы қаласы және Алматы, Жамбыл, Қызылорда облысы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшылары қару сақталған ғимаратты тастап кеткен. Бұл бойынша жеті қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдарының басым бөлігі аяқталған.