Қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаза тапқандардың отбасыларына қаржылай қолдау көрсетілді

14.03.2022

«Қазақстан халқына» Қоғамдық қоры Қаңтар оқиғасында қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсетуді жалғастырады. Жазатайым құрбан болғаны расталған үш азаматтың және қайтыс болған 2 баланың отбасы мүшелеріне - 7 миллион теңгеден берілді. Сондай-ақ, ауыр жарақат алған үш баланың отбасына - 3 миллион теңгеден ақшалай көмек көрсетілді. Жалпы төлем сомасы 44 млн теңге. Айта кетейік, Қаңтар оқиғасының кездейсоқ құрбаны деп танылған барлық азаматтардың тізімін құзырлы органдар жариялаған соң олардың жақындарына ақшалай көмек көрсетіледі.  

Хабарламаларға жазылу