Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ – министрлік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ – министрлік

14.03.2022
Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ – министрлік

Қазақстанда короновирус инфекцияның таралуын болдырмауға және оның алдын алуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асып жатыр.

Пандемия жарияланған алғашқы күннен бастап елімізде Ведомствоаралық комиссия құрылды, Комиссия 2 мыңнан астам жедел және ұтымды шешімдер қабылдады.

Бүгінгі күні эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалады, күн сайын 100-ге жуық жағдай тіркеледі.

Уақтылы медициналық көмек көрсету үшін қалаларда қысқа мерзімде 16 модульдік аурухана салынды және 3 инфекциялық аурухана реконструкцияланды, сондай-ақ 63 амбулаториялық-емханалық ұйым пайдалануға берілді.

64 оттегі станциясы пайдалануға берілді, 3 мыңнан астам (өкпені жасанды желдету) ӨЖЖ аппараты сатып алынды. 185 аудандық аурухана 100% рентгендік диагностикалық жабдықтармен жабдықталды. Жедел медициналық көмек қызметі 1 367 бірлік автокөлік сатып алу арқылы күшейтілді, жылжымалы медициналық кешендер паркін 100% жарақтандыруға қол жеткізілді.

Еліміздің 184 зертханасында коронавирус инфекциясының ПТР диагностикасы жүргізілуде, пандемия басталғалы бері республикада 22 миллионнан астам зерттеу жүргізілді.

ПТР диагностикасын қамтамасыз етумен қатар, сырттан әкелінген жағдайларды және вирустың мутациялық өзгергіштігін мониторингілеуді қамтамасыз ету үшін Министрлік вирустарды генетикалық зерттеуді үнемі жүргізіп отырды (1331 сынаманы 26420 зерттеу жүргізілді). Республика аумағында коронавирус инфекциясының 5 штамының (Альфа, Бета, Дельта, Эта, Омикрон) айналымы анықталды.

Дәрілік заттардың тұрақтандыру қорлары құрылды. Коронавирус инфекциясын емдеу үшін 2 айлық дәрі-дәрмек қоры құрылды.

Өткен жылдың 1 ақпанынан бастап тұрғындарды вакциналау басталды. Біздің елімізде Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында «Спутник V», «Спутник Лайт» (Ресей) вакциналарын өндіру іске қосылды.

Ұлттық биологиялық қауіпсіздік институтының базасында «QazVac» отандық вакцинасы әзірленді және өндірілуде.

Коронавирус инфекциясына қарсы халықты ревакцинациялау жалғасуда.

Вакцинация науқаны басталғалы бері республика азаматтарына вакциналардың 6 түрі (Спутник V, QazVac, Hayat-Vax, SinoPharm, Спутник Light және Pfizer) қолжетімді.

Барлығы I компонентпен 10,3 млн.адам, II компонентпен – 9,7 млн. адам вакцинацияланды. 2,9 млн. адам қайта вакцинацияланды.

Коронавирус инфекциясымен күресуде ақпараттық жүйелер кеңінен қолданылады.

2021 жылғы қаңтарда шектеу шаралары мен бизнес жұмысы арасындағы балансты белгілеу мақсатында бірыңғай интеграциялық порталмен және вакцинациялаудың электрондық паспортымен интеграцияланған «Ashyq» мобильді қосымшасы енгізілді, мобильдік қосымша науқастар мен байланыста болған адамдарды қадағалауға мүмкіндік береді және жаппай жиналатын орындарға бару қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

30 елде танылатын электрондық вакцинация паспорты енгізілді.

Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлі аяқталған жоқ, сондықтан вакцинация мен ревакцинацияның пайдасына дұрыс таңдау жасау керек, бұл ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына септігін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу