Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын

13.03.2022

Аптаның басында Германия тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен телефон арқылы сөйлесті. Ақорда сайтының жазғанындай, олар Украинадағы ахуал жөнінде пікір алысқан.

Франк-Вальтер Штайнмайер соғысқа байланысты Еуропа одағының анық ұстанымын жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев бүкіл мемлекеттің БҰҰ Жарғысындағы нормалар мен қағидаттарды берік ұстануға тиіс екеніне тоқталған. Президент Украина дағдарысын өте ауыр деп санайды. Сондықтан бейбіт тұрғындардың бұдан былай жапа шекпеуі және Украина аумағындағы азаматтық инфрақұрылымның толық қирауына жол бермеу үшін қақтығысты бейбіт жолмен шешудің жаңа дипломатиялық мүмкіндіктерін қарастыру керек деген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Украина халқына дәрі-дәрмек және басқа да қажетті азық-түлік жағынан гуманитарлық көмек көрсетуге дайын.


Хабарламаларға жазылу