Елімізде тіршілік нәрі ысырап болып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде тіршілік нәрі ысырап болып жатыр

11.03.2022

Суды көп қажет етпейтін дақылдар егуге көшу керек. Елде тіршілік нәрі ысырап болып жатыр. Сала министрлігінің өкілдері осылай деді. Мысалы АҚШ, Австралия сияқты дамыған елдермен салыстырғанда біздің шаруалар суды 6 есеге дейін көп пайдаланады. Климаттың ғаламдық жылынуы да оңайға соқпай тұр. Сондықтан егін көлемін азайтуға кеңес берді. Егер наурыз, сәуірде жауын-шашын болмаса жағдай қиын, - деген министрлік өкілдері 2025-ші жылға қарай суды үлестіру мен жеткізу мәселесін реттемек.

Серік Қожаниязов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары:

Көп жылға созылған, қазір 3-4 жыл болды. Сол жалғасуда. Былтыр көрген, алдыңғы жылы көрген қиыншылықтар өкінішке қарай қайталанады. Қиын жағдайды ескере отырып, үш елдің Премьер-министрлері Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан келісіп, Тоқтағұлдан суды көбірек алу мәселесі тапсырылды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу