Қазақстан Ресей арқылы шетелдерге мұнай тасымалдауын жалғастыра береді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Ресей арқылы шетелдерге мұнай тасымалдауын жалғастыра береді

11.03.2022

Еліміз Ресей арқылы шетелдерге мұнай тасымалдауын жалғастыра береді. Бүгін Қазақстандағы АҚШ елшісі Президент Джо Байденнің жарлығына қатысты түсінік берді. Айтуынша құжат Ресейдің мұнайы мен газын және көмірін импорттауға тыйым салуды көздейді. Бірақ Қазақстан Ресей арқылы саудасын жүргізе береді. Қазір еліміз тәулігіне 1 миллиард 700 миллион баррель мұнай өндіреді. Өндіріс көлемі бір жылда 14 пайызға көтерілген. Қара алтын құны 111 доллар. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу