Оралда аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды

11.03.2022

Оралда аутизмге шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылды. Осындай диагнозбен 253 бала арнайы есепке алынған. Енді ата-аналар көрші облыстарға сабылмай, балаларын осы орталыққа әкеледі. Мекеме мамандары жылына 600 баланы тегін емдейді. Арнайы оқытылған 20 маман жұмыс істейді.

Дилара Салыхова, «Асыл мирас» аутизм орталығы директорының міндетін атқарушы:

Аутизм орталығы 6 бағдарлама бойынша жұмыс істейді. Өмірлік дағдысын, әлеуметтік дағдысын дамыту, ерте жастан қолдау, интенсивті курс және ойын-коммуникациялық дағдысын дамыту. Бағдарламаның уақыты - үш ай. Аптасына - үш, айына 12 сабақ, сонда бір курста 36 сабақ өткізіледі.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу