Иа, жастардың басты мәселесі – баспана. Бірақ қазір пәтерді әпер деп отыратын заман емес. Билік әр жас отбасының баспаналы болуына мүдделі. Түрлі бағдарламалар арқылы бағыт береді, жеңілдіктің жолын көрсетеді, септеседі. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының ұйытқы болуымен азаматтарды үймен қамтудың оңтайлы жолдары қарастырылып, тиімді тетіктер талқыланды.
Әділ Құсманов, тәуелсіз сарапшы:
Мәселен, сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге төлем төмен болғанымен, 5 жылдан соң жас отбасы баяғы таз қалпына тағы түседі. Бұл қарсы міндеттемелер жоқтығынан. Сол себепті де 5 жыл ішінде «Отбасы банк»-тен есепшотқа белгілі бір мөлшерден жинауды жүктеу керек. Сонымен қатар, бұл бағдарламада жалақы мөлшеріне шектеу қойылмаған. Сондықтан да шын мұқтаждарға әркез мүмкіндік бола бермейді.