«Ғылым фестивалі» жобасы жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ғылым фестивалі» жобасы жұмысын бастады

29.03.2017

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының қолдауымен бүгін  «Ғылым фестивалі»  жобасы өз жұмысын бастады. Басты мақсаты – IT-технология саласында еңбектеніп жүрген жас өрендерге қолдау көрсету. Қазір елімізде мектеп оқушыларынан бастап компьютерлік бағдарламалар арқылы түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді.  Осы жайлы толығырақ «Кешкі ақпараттан»  біле аласыз.

Сонымен қатар, бүгінгі «Кешкі ақпаратта» қамтылатын жаңалықтар легі:

• Алматыда тағы да қар көшкіні жүру қаупі бар;

• «ЭКСПО» кеңсесінде халықаралық қатысушылардан өтінімдер қабылдаудың аяқталғаны бойынша брифинг өтті;

• Депутаттар орта мектептерді ҰБТ өткізуден босатуды ұсынды;

• «Астана темір жол вокзалы кешені» жұмысшылар қабылдай бастады;

• Еуропалық Одақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық туралы келісімнің бекігеніне -  2 жыл;

• Каракаста өткен антиимпериалистік шеруге мыңдаған адам қатысты;

• Шымкентте уролог мамандар ер адамдардың денсаулығына байланысты ашық есік күндерін өткізді.

Осы және өзге де жаңалықтарды сағат 17:30-да Ұлттық арнадан көріңіз.

Хабарламаларға жазылу