«Оператор РОП»-тың бұрынғы Бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған 2016-2021 жылдар аралығында көлік құралдарын кәдеге жаратудың жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 млрд теңгеден аса қаржысын жымқырды деген айып тағылған. Қазір ол соттың санкциясымен қамауға алынды.