Халық табысының азаюы еңбекақының мөлшерімен байланысты. Мәселен, соңғы екі жылда халықтың нақты ақшалай табысының өсу қарқыны 6,4%-тен 2,9%-ке дейін азайған. Ал әлеуметтік трансферт керісінше 26%-ке өсті. Сарапшылар халық кірісін арттыру үшін тұрақты жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды дейді.
Бауыржан Мұқан, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:
Колледждердің үстінен қарап куратор ретінде, бітірейін деп жатқан мамандарды еңбекке баулуға байланысты 9 мыңнан аса кәсіпорын соны бақылауға алады. Демек, бітіріп жатқан студенттерді үйретеді. Бұны жақсы бағыт деп есептеймін.