Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды

10.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев брондалған дөңгелекті техника шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытына барды. Президент жоғары технологиялы кәсіпорынның жұмысымен танысып, отандық қорғаныс-өнеркәсібі өнімдерінің көрмесін көрді. Зауытты аралап шыққан Қасым-Жомарт Тоқаев саланы дамытудың бірқатар бағыттарын айқындап берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы отандық өндірушілерді қолдау қажет екенін айтты. Ал, өндірілетін өнім техникалық тұрғыдан заман талабына сай болуы керек екенін атап өтті.


Хабарламаларға жазылу