Кеңгір және Жезді су қоймаларының мәртебесі заңды түрде қашан реттеледі? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кеңгір және Жезді су қоймаларының мәртебесі заңды түрде қашан реттеледі?

10.03.2022

Жезқазған және Сәтбаев қалалары сапалы ауыз суға мұқтаж. Сенатор екі су қойманың қазіргі жағдайына тоқталды. Алғашқысы Кеңгір. Бұл жезқазғандықтардың тіршілік нәрінің негізгі көзі. Бірақ, жеке меншікте. Ал, заң жүзінде мемлекет иелігінде болуы тиіс. 1996 жылы Үкіметтің қаулысы шыққан. Әйтсе де Кеңгір гидротехникалық құрылымдарымен бірге «Қазақмыс Дистрибьюшн» компаниясына қарасты. Екіншісі – Жезді су қоймасы. Ол қала халқын көкөніс және ет-сүт өнімдерімен қамтуға көмектесуі керек. 2011 жылы Жездіні қайта жаңарту тағы да қаулымен бекітілген болатын. Алайда, жобаға жан бітпеді. Қағаз күйінде қалды.

Рысқали Әбдікеров, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Кеңгір және Жезді су қоймаларының мәртебесі заңды түрде қашан реттеледі деген сұраққа жауап беруіңізді сұраймын, Жезқазған қаласын жер асты суымен толықтай қамтамасыз ету мәселесін шешу жоспары Үкіметте бар ма? Мемлекет басшысының өткен жылдың қазан айындағы «Үкімет әкімдікпен және корпорациямен бірлесе отырып, адамдарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуді қысқа мерзімде және бір жарым жылдан аспайтын мерзім ішінде шешуі тиіс» деген тапсырмасы қандай мерзімде орындалады?


Хабарламаларға жазылу