Қазақстанға тоқыма өнеркәсібінің 90% өнімі импортталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға тоқыма өнеркәсібінің 90% өнімі импортталады

10.03.2022

Жүн өңдеушілер шикізатқа, ал оны өндірушілер қолдауға мұқтаж. Қой өсірумен 4 мыңдай шаруашылық айналысса да, тонналаған жүн өртеліп жатыр. Елде 13 жүн өңдеу зауыты бар. Бірақ, тең жартысы жабық тұр. Сұраныс жоқ. Барының жүктемесі 30 пайызға әзер жетеді. Қарапайым заттар экономикасын қатыра алмағандықтан тоқыма өнімін импорттап отырмыз. Жүнді игерудің жүйелі тізбегі жоқ. Тері мен түбітті өңдеуге екі министрлік жауапты. Бірақ, нәтиже нөл. Сондықтан қой шаруашылығы мен тұрғындардан шикізатты сатып алу, қабылдаудың сервистік-дайындау пункттерін көбейту керек.

Мұхтар Жұмағазиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Отандық алып-сатарлар тек биязы қой жүнінің бір килограмын 100-150 теңгеден қабылдайды. Ал бір қойды қырқуға кететін шығын 300-500 теңгеге дейін. Оның үстіне жүнді өткізу мәселесі де жолға қойылмағанына байланысты шаруалар өртеп жіберуге мәжбүр.


Хабарламаларға жазылу