Сенат қауіпті қалдықтарға қатысты заң жобасын мақұлдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенат қауіпті қалдықтарға қатысты заң жобасын мақұлдады

10.03.2022

Сенат Еуразиялық Экономикалық Одақтың кедендік аумағындағы қауіпті қалдықтар туралы заң жобасын қабылдады. Мұндағы келісім одаққа мүше елдер арасында трансшекаралық тасымалмен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады. Сала министрі құжатта қауіпті қалдықтарды көмуге жол берілмейтіндігін жеткізді. Тек қалдықтарды сұрыптау, дайындау және өңдеу арқылы қауіпсіз әрі экологиялық кәдеге жарату көзделеді. Ал, талапты орындамағандарға жаза бар. Төтенше жағдайға себепкер адам табиғи залалды толық және өз есебінен қалпына келтіруге міндетті. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Келісім Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер арасында қауіпті қалдықтарды өткізудің бірыңғай тәртібін айқындайды. Сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде берілген қорытындылар мен анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат алмасуға құқықтық негіз қалыптастырады. Алдағы уақытта осы Заң қауіпті қалдықтарды жоюға және қайта өңдеуге, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлесін қосады деп сенеміз. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу