Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы шамамен 13 пайызға түсті. Бұған Украина мен Ресейдің дипломатиялық келіссөздерді жандандыруға ниет етуі мен Бірккен Араб Әмірліктерінің көмірсутегі өндірісін арттыруды қолдауы себепші.
«Рейтер» агенттігінің дерегінше, Brent маркалы шикізаттың бір баррелі 17 долларға жуық арзандап, 111 доллар 14 центке тұрақтаған. Ал, құны 12 жарым пайызға төмендеген америкалық сұрып WTI соңғы сауда сессиясында 108 долларға сатылды.
Арыстан Рысбек