Киевтегі қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді. Олар сол шаһарда штаттық режимде жұмыс істеп, қазақстандықтарға көмектесіп жатыр. Бүгін төртте Атырау қаласынан Польшаның Катовице қаласына эвакуациялық ұшақ ұшып шықты. Бұған дейін үш рейспен Қазақстанға 432 жерлесіміз жеткізілген. Қазіргі уақытта Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Львовтағы консулдықтың жанында 11 адам бар. Ал Харьковта 7, Мариупольде 18 отандасымыз қалды. Электр энергиясы мен телефон жүйелері үзілгендіктен, олармен байланыс орнату қиындаған. Суми қаласындағы 2 қазақстандық азаматпен тұрақты байланыстамыз, - дейді елшілік өкілдері. Оларды гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуациялау мәселесі қарастырылып жатыр. Дипломаттардың қолдауымен қазақстандық 57 жүк көліктің 44-і Украина аумағынан шығып үлгерді.
Раушан Сайлауқызы