Ауғанстан банктеріне салынған санкциялар салдарынан Қазақстанда ұн экспорты төмендеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстан банктеріне салынған санкциялар салдарынан Қазақстанда ұн экспорты төмендеген

09.03.2022

Ал Ауғанстан банктеріне салынған санкциялар салдарынан Қазақстанда ұн экспорты төмендеген. Статистика бюросының дерегіне сүйенсек, жалпы елде былтыр 3 млн тоннадан аса ұн өндірілді. Қазақстан оның 1 млн 400 мың тоннасын экспорттады. Өткен жылдармен салыстырғанда экспорт көлемі 17,2%-ке азайған. Бұған дейін сыртқа сатылған ұнның 60% Ауғанстан нарығына тасымалданып келді.

Еске салайық, тәліптер билікке келгеннен кейін Ауғанстан SWIFT жүйесінен ажыратылып, ақша аударымы бұғатталған еді. Сарапшылардың сөзінше, экспорттың төмендеуіне Ауғанстанның тікелей ақша аудару мүмкіндігінен айырылуы себеп.  

Хабарламаларға жазылу