1 қыркүйекке дейін кейбір тауарларға ілеспе жүк құжат толтыру міндеттелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1 қыркүйекке дейін кейбір тауарларға ілеспе жүк құжат толтыру міндеттелмейді

09.03.2022

1 қыркүйекке дейін кейбір тауарларға ілеспе жүк құжат толтыру міндеттелмейді. Құжат рәсімдеуге тиіс тауарлар тізбесі туралы Қаржы министрлігінің бұйрығы шықты.

Енді мұнай өнімдері, оның ішінде бензин, дизель отыны, мазут, битумға және этил спирті мен алкоголь өнімдеріне, биоотынға, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге экспортталатын тауарларға ілеспе жүк құжат толтыру кейінге шегерілді. Түзету енгізілген министрлік бұйрығы 28 наурызға дейін қоғамдық талқылауға шығарылған.


Хабарламаларға жазылу