«Amanat партиясы жаңа форматқа ауысқан соң қоғамдық қабылдауларды қолға алды. Одан бөлек, депутаттық фракциялар жаңартылып, халықпен байланыс алаңы құрылмақ. Алда партиялық бақылауды күшейту, партияның бағдарламалық құжатын қайта қарау міндеті тұр. Ақтөбедегі партия филиалының өкілдері бұл жұмыстарды бастап кеткендерін айтады. Жастар мәселесі де назардан тыс қалмайды. Оларды қолдау партияның басым бағытының бірі болмақ. Қазір бастауыш партия ұйымдарында 31 мыңнан аса ақтөбелік бар.
Келдібай Еспағамбетов, еңбек ардагері:
Біз болашақты ойлауымыз керек. Жаңа Қазақстан болу үшін барлық деңгейдегі болмысымыз бен ісіміз өзгеруі керек. Сондықтан «Nur Otan» партиясының атауының өзгеруі бізге жауапкершілік жүктейді және онда айтылған барлық нәрселер бізге соны орындауға, жұмыс жасауға міндеттейді.
Гумер Галеев, «Жауынгерлік бауырластық» ҚБ төрағасы:
Әр азамат өмірінің жақсы жаққа өзергенін қалайды. Сондықтан елде болып жатқан әр саяси өзгеріске үлкен сеніммен қараймыз. « Amanat» партиясының кезектен тыс съезінде де келелі мәселелер айтылды. Партияның тек атауы өзгеріп қана қойған жоқ, сонымен бірге жүктелген жауапкершілігі де артты деп ойлаймын.
Жақсыбек Кемал