Құрманғазы ауданында қатты желдің кесірінен 52 мың тұрғын жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрманғазы ауданында қатты желдің кесірінен 52 мың тұрғын жарықсыз қалды

09.03.2022

Атырау облысының Құрманғазы ауданында қатты жел соғып, 52 мыңнан астам абонент жарықсыз қалды. Қазір мамандар шығын көлемін есептеуде. Меншікті тілшіміз Жандос Темірғали тікелей байланысқа шығып жағдайды толығырақ баяндайды.

Жандос Темірғали, тілші:

Демалыс күндері аталған ауданда қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел тұрған еді. Салдарынан 10 мың киловаттық 400-ге жуық баған құлап, 52 мынңнан астам тұрғын жарықсыз және байланыссыз қалды. 16 ауылдық округтің қазір 14-інде жағдай қалыпқа келтірілді. Бүгін кешке дейін қалған екеуіне жарық беріледі деп жергілікті әкімдік сендіріп отыр. Қазір 11 бригада апат болған ауылдарда жұмыс істеп жатыр. Келген шығын туралы әзірге ақпарат жоқ. Бір анығы, құлаған бағандар 400-ден де көп. Өйткені аудандық әкімдік ауылдардағы құлаған электр бағандарының есебін әлі шығармадық деп отыр.

Жандос Темірғали 


Хабарламаларға жазылу