АҚШ–та Ресей мұнайы, газы мен көмірін импорттауға тыйым салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ–та Ресей мұнайы, газы мен көмірін импорттауға тыйым салынды

09.03.2022

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден газ, мұнай және көмір импорттауға тыйым салатынын мәлімдеді. Мұндай шешімді Американың жетекші екі партиясы да қолдаған. Ақ үй басшысы ресейлік энергия импортына тыйым салуды одақтастарымен егжей-тегжейлі талқылағанын мәлімдеді. Айта кетсек, Байденнің мәлімдемесінен кейін АҚШ-та бензин бағасы рекордтық максимумға жетіп, оның 1 галлоны 4 доллардан асты.

Бұған дейін Ұлыбритания да Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерінен жыл соңына қарай біртіндеп бас тартатынын айтқан еді. ЕуроОдақ та мұндай қадамды қарастырып жатыр.

Соңғы деректерге сай, Ресей нарығында жұмысын тоқтатқан компаниялар саны 230-ға жетті. Олардың қатарына әлемге танымал «Кока-кола», «КФС»,

«Старбакс» компаниялары қосылды. Ресейде 60 мың адам жұмыс істейтін «Макдональдс» болса, елдегі 850 ресторанын уақытша жабатынын мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу