Украиналықтар гуманитарлық дәліздер бойынша эвакуацияланып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украиналықтар гуманитарлық дәліздер бойынша эвакуацияланып жатыр

09.03.2022

Украина аумағындағы әскери қақтығыстың жалғасып жатқанына 14 күн.

Соңғы мәліметтерге сай, бірнеше бағытта ашылған гуманитарлық дәліздер бойынша тұрғындарды эвакуациялау жүріп жатыр. Бұл өңірлерде дүйсенбіден бастап «тыныштық режимі» жарияланған. БҰҰ-ның дерегінше, елін тастап кетуге мәжбүр болған украиналықтардың саны 2 миллионға жеткен. Ал «Рейтер» агенттігі босқындардың барлығы Еуропалық Одақ елдерінен пана тапқанын хабарлап отыр.

Алдағы күндері олардың саны бұдан да артуы мүмкін деген болжам бар. Украина президенті Владимир Зеленский болса, Украинадағы жағдайды реттеу бойынша диалогқа дайын екенін мәлімдеп, Ресей президенті Владимир Путинді тікелей келіссөздерге шақырды. Айта кетсек, әскери қақтығыс басталғалы бері Украина мен Ресей делегаттары үш рет бас қосты. Кездесу барысында тараптар гуманитарлық дәліз ашу, азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізу бойынша түсіністікке қол жеткізген.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу