Премьер-Министрдің төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Премьер-Министрдің төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб өтті

07.03.2022
Премьер-Министрдің төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб өтті

Отырыста «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерден келіп түсіп жатқан басым бөлігі ағымдағы және жүйелі сипаттағы мәселелер туралы баяндады.

Бизнес қоғамдастықтың қазақстандық жүктердің тасымалдануына қатысты алаңдаушылығына байланысты «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Н. Сауранбаев экспорттық бағыттағы жүктерді тасымалдау темір жол көлігімен де, теңіз порттары арқылы да штаттық режимде жүзеге асырылып жатқанын хабарлады.

Сондай-ақ, Нұрлан Сауранбаев ҚХР-ға және кері бағытта темір жол көлігімен жүк тасымалдау бойынша ешқандай кедергілердің жоқ екенін де жеткізді.

Еуропа елдеріне үздіксіз жүк тасымалын қамтамасыз ету мақсатында Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы Әзербайжан және Грузия бағытында тасымалдау көлемін ұлғайту мәселесі пысықталуда. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Ақтау және Құрық порттарын пайдаланудың әлеуеті зор екенін атап өтті.

 

Хабарламаларға жазылу